ҰСТАЗДАР АРДАҚТАЛДЫ

470 көрілім

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Шәкірт тәрбиелеуде өзінің үлесін қосып жүрген ұстаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды. Ұстаз. Осы сөздің ішінде қаншама ұғым жатыр. Өміріміздің бәйтерегі болған мұндай ұғымға кеудесінде жаны бар әр адам өмір бойы ризалышық білдірумен өтеді. Осынау мамандық иелеріне лайықты құрмет көрсету мақсатында жыл сайын елімізде «Ұстаздар күні» қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Қаладағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен шараға қала әкімі Н.Тұрашбеков, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов және ардагер ұстаздар қатысты.
Шарада қала әкімі Н.Тұрашбеков, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ озат мұғалімдерге Құрмет Грамоталарын, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төс белгісін, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының марапаттарын табыстады. Жиын соңы ұстаздардың құрметіне арналып, мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы