- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Тіл – ең ұлы қару, ең асыл құндылық, ең керемет қатынас құралы. Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі, тіл – бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі, оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал, ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен, тілдер сұлулығына ана тіліммен бірге қазақ тілін де айтқым келеді. Неге? Себебі, әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тілдер. Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Тілсіз тірлік өрге домалайды десеңіз, қателесесіз. Елдігіміздің болашағы жарқын болуы да тілге байланысты. Себебі, бүкіл дәстүріміз, салт-санамыз, әдет ғұрпымыздың темірқазығы – тіл.
Тілдің жүгенсіздігі өзіңе балта боп тиеді. Қаншама адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне жара салады, – деп айтқан Ә.Науаи. Дәл солай, тіл халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл! Мемлекеттік тілімізді білу керекпіз, себебі еліміздің тарихын, тұрмысын, мәдениетін, тілін білу – Отанға деген махаббат. Еліміз егемендік алғалы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Себебі, тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз.
«Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз», – деп Елбасы айтқандай, тіліміздің мерейін көтеріп, асқақтату баршамыздың міндетіміз, оны білу, құрметтеу барлығымыздың парызымыз деп санаймын.
Қорыта айтқанда, тілді құрметтеуді әркім өз отбасынан бастау кажет. Әр халық өз тілінде сөйлеп, оны дамытуға, ұлттық дәстүрді сақтауы тиіс. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне мен кәміл сенемін. Жеті жұрттың тілін меңгерсең де, өз тіліңді туған анаңдай қастерле дегім келеді.
Н.ОМАРБАЕВА,
Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.