«ТҮРКІСТАННАН» ЖАҺАНҒА ХАБАР ТАРАЙДЫ

817 көрілім

Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында 7 мемлекеттен құралған Парламенттік Ассамблея кеңесі бір ауыздан «Turkistan» телеарнасының түркі елдеріне ортақ арна болатыны туралы шешім қабылдады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығының негізгі бағыттарына назар аударды.
Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл «Түркістан» телеарнасы ашылғанын, аз ғана уақыттың ішінде бұл телеарна заманға сай үздік техникалармен қамтамасыз етіліп, жоғары кәсіби мамандармен толыққанын айтты.

Түркістан бүкіл Түркі әлемінің «рухани Астанасы» болғандықтан, аталған телеарнаны жалпы Түркі мемлекеттеріне ортақ етуді ұсынамын, – деді Нұрлан Нығматулин.
Сессия жұмысына ТүркПА-ға мүше елдердің Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның, сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстанның және бақылаушысы мәртебесімен Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың және басқа да мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Нұрлан Нығматулин, Ассамблея қызметінің алдағы негізгі бағыттары ең алдымен, Түркі әлемінің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға серпін беретін «Түркі келешегі – 2040» стратегиялық құжатын әзірлеу керек екенін айтты.
Мәжіліс төрағасы түркі әлемінің бірлігі біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтумен тікелей байланысты екеніне назар аударып, төрағалық барысында мәдениет, ғылым және білім саласындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетініне тоқталды.
Мәжіліс төрағасының пікірінше, ол елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жолын және парламенттер қызметін жан-жақты насихаттап, бүкіл Түркі елдеріне қажетті ақпараттық орта қалыптастыруға үлес қосатын болады.
Сондай-ақ облыс орталығында бас қосқан делегация түркі әлемінің рухани астанасы Түркістаннан жаһанға хабар таратуды мақсат еткен «Turkistan 24» арнасын дамыту бойынша мемлекетаралық келісім-шартқа қол қойды.
Стратегиялық маңызы зор құжатты бекітудің келесі қадамы ретінде мемлекетаралық келісім-шарт түзілмек. Үкіметаралық қолдау тапқан жас телеарна түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістікке айналдыратын бірегей ақпарат алаңы болуды мақсат тұтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы