ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

904 көрілім

Біз «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарияларымыздың бүгілген беліне сүйеу болу – салтымызда сақталып, санамызда жатталған үрдіс.
Халықаралық қарттар күніне орай, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және қалалық мәслихаттың хатшысы Мақсат Таңғатаров соғыс көрген сарбаздар – Әбдіжаппар Дайрабайұлы мен Немет Абдрасиловтың шаңырағында болып, ізгі ниет пен ақ тілектерін жеткізді.
Қариялардың ақыл кеңесі мен ақ батасын алған қала әкімі ақсақалдарға игі жақсылықтар мен ұзақ өмір тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы