- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде кәсіптік білім саласы да жаңа реформалар мен тың бастамалар кезеңінен өтуде. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдына қойған міндеттерінің бірі- ілгері білімді кеңінен меңгерген бастамашыл еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген қоғамда жұмыс жасай білетін, кәсіби мамандарды даярлау.
Президент Қ.Тоқаев өзінің 2021 жылдың 1 қыркүйегінде халыққа жолдаған кезекті Жолдауында білім саласының өркендеп, даму жолдарына ерекше тоқталып өтті. Гуманитарлық бағыттағы ұрпақты адамгершілік пен рухани құндылықтарға тәрбиелейтін мамандықтар ман мамандарға сұранысты арттыру өзекті мәселеге айналған еді. Биылғы оқу жылында білім алушылардың педагогикалық мамандықтарға бет бұрғанын көруге болады Балаларды орта жастан мамандыққа бейімдеу, өскелең ұрпақты өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуіне жол ашу мәселесі де тұр. Үкімет «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруда жылма-жыл міндеттер қоюда. Сұранысқа ие, өңірдегі нарықтың талабына сай келетін барлық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім тегін берілуі тиіс. Осы талаптарға жауап бере алатын, әлемдік жаһандану ағымына ілесіп, заман талабына сай өркендеп келе жатқан қаламыздағы қарашаңырақ білім ордасы – «Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі».
Колледжіміз білім кеңістігіндегі беделді оқу орны, еліміздегі білім шаңырақтарының ішіндегі шоқтығы биік, тарихы бай білім ордасы. Осы білім ордасынан ұрпағына мұхиттай терең мұра қалдырған талай ұлылар шықты. Егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алудамыз. Білім берудің мазмұны жаңартылған бағытқа көшіп, жаңа инновациялық технологияларға басымдық беру білім беру орындарының алдына қойған міндетіне айналуда. Қазіргі таңда білім алушыларға білім игерту қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта өрбуде. Білім ордасында заман талабына сай білім дағдыларын қалыптастыратын, өңірдегі әлеуметтік сұраныстарға ие кәсіби мамандарды даярлайтын мамандықтар оқытылуда. Колледж өзінің даму тарихында әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер бойынша облыстық құзіреттілік орталықтың базасы болып, облыс деңгейінде оқу әдістемелік семинарлар, тәжірибелік-практикумдар, шебер-сыныптар ұйымдастырып, оқытудағы инновациялық жаңаруларды практикалық тұрғыда көрсете алатындығын дәлелдеп келеді.
Елбасымыздың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жас Маман» жобасы аясында колледжіміз ұлттық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Өз аймағымызда мәлімделген мамандықтар, яғни IT және қолөнер мамандарын дайындау бойынша құзіретті орталықтарға айналды. Колледждің алдында өңірдегі және аймақтағы тарихи және мәдени кешендерді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында туризм кластерін дамыту, этнопедагогикалық және рухани құндылықтарға қол жеткізу мақсатында «Қолөнер» аймағына айналу, «Ұлы Дала» патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениетінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту міндеттері негізгі басымдыққа ие. Биылғы оқу жылындағы басты жаңалығымыз – бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры мамандығының ашылуы. Қолданбалы бакалавриаттың мәні- инновациялық талаптарға сәйкес колледждердің кейбір мамандықтарын жоғары білімге теңестіре отырып, кәсіптік техникалық білім беру мәртебесін көтеру.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы ашылды. Жас ұрпақ білім алушыларды шымырлылық пен қажырлылыққа бейімдейтін, дене тәрбиесінің маңыздылығын арттыратын сала. Қазақ халқы «көп еңбек еткен адамға бақыт басын иеді» деген даналық сөзді бекер айтпаған. Тынымсыз еңбек пен шығармашылықтың арқасында білім алушыларды елжандылық пен жаңашылдыққа баулуды – тәрбиенің басты мақсаты тұтқан колледж ұжымы кәсіби мамандарды даярлауда жасампаздықтың жарқын үлгісі болып отыр.
Айдос АБПАЗОВ,
Түркістан жоғары көпсалалы,
қол өнер колледжінің директоры.