СҰРАНЫСҚА ИЕ ДӘРІГЕР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ ОРЫНДЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

476 көрілім

     Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында өзекті әрі өткір мәселелерді жан-жақты айшықтап, алдағы жоспарларды нақтылады.

    «Пандемиямен күрес  әлі де жалғасып жатыр, азаматтардың өмірі мен денсаулығын  қорғау үшін күш-жігерімізді салдық. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент  ДДСҰ-ның  пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет деген болжамын атап өтіп, елімізде пандемиямен күрес жөніндегі кешенді бағдарлама әзірленетіндігін айтты. Пандемиямен күрес баршамыздың міндетіміз. Тосыннан келген кеселге қарсы тұрудың маңыздылығы облыс эпидемиологтар үшін де оңайға соқпады. Індеттің өршіген тұсында эпидемиолог мамандарының тапшылығы айқын байқалды.

    Ел Президентінің  медициналық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде  пандемия кезеңінде эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сияқты сирек мамандық иеленетін дәрігерлерді даярлау  туралы көтерген мәселесі өте орынды, әрі  бүгінгі күннің өзекті тақырыбы  болып отыр.

    Мемлекет басшысының дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өткендігі көңілге шабыт сыйлап, жұмысқа деген құлшынысымызды арттыра түскені жасырын емес.

Н.НЫШАНОВ,

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы