Құрметті қазақстандықтар Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жолдауын тыңдадық. Жолдауда халық игілігіне қатысты көптеген жақсы жаңалықтар айтылды. Сонның бірі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ұстаздар мен мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, қорықшылар, кітапханашылар және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысы өседі.
Мемлекет басшысы жаңа уақыт талаптарына сәйкес еліміздің экономикалық дамуына, өнеркәсіпті күшейтуге, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығы саласына аса көңіл бөлуге, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, бизнес және әлеуметтік мәселелер секілді елдегі барлық саланың жұмыстарына қатысты міндеттерді бекітіп берді. Сондай-ақ Президент педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды қолдау ісінің жалғаса беретінін және театр, кино, әдебиет, музыка, бейнелеу сияқты өнер салаларында шығармашылықпен айналысатын жастарды қолдау, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті деңгейде баға беріп, сыйлықтар тағайындау, ынталандыру керектігін де назарға алды.
Биылғы Жолдауда Президентіміз елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырды. Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді. Жаңа оқу жылының басталуымен үндес болған бұл Жолдау халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау болары анық.
Халықтың жағдайы жақсы болып жатса, біздің елімізде жаман болмайды. Менің ойымша, бүкіл дүниежүзі халықтарының барлығы керемет өмір сүріп жатыр деп ойламаймын, бірақ біздің Қазақстан халқы жақсы өмір сүріп жатыр деген ойдамын. Еңбек еткен жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Біз Аналар қауымы Жолдаудың орындалуына үлес қосып, келер ұрпаққа, қоғамға жақсы пікірлер айтып, үйретуіміз қажет, бүкіл ел болып жұмылып ырыс, ынтымақта болсақ алға қойылған мақсаттардың орындалуына бірлесе жетеміз. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз.
Ұлжан МҰСТАФАЕВА,
Түркістан қалалық Аналар кеңесінің төрайымы