БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ІРГЕСІН НЫҚТАУҒА МІНДЕТТЕЙДІ

367 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындалған. Індет кезінде онлайн оқу барысын есепке алып ұстаздардың жалақысын 25 пайызға жағдай жасалған болатын, алдағы үш жылда осы мақсатқа жету үшін күш жұмсалатынын сөз етті. Жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдай жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталып, 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырды.

Педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы көбейген кезде, өзге сала қызметкерлері тыс қалған болатын. Сол себептен 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, мұрағатшылар, көлік жүргізушілер және де басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 20 пайызға өсетінін айтты.

Мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені белгілі. Дені сау ұрпақ өсіріп, оны біліммен қаруландыра отырып, мемлекеттің дамуын дұрыс жолға қою, өркениетке ілесу – біздің қасиетті борышымыз. Мемлекет басшысы осы тұрғыда денсаулық пен білім саласына ерекше көңіл бөліп, ұстаздар мен дәрігерлерге мейлінше қолдау көрсетіп, ғылымның дамуына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Президентіміз жетекші ғалымдарымызға лайықты жағдай жасаудың нақты жоспарларын ұсынды.

Ғылыми зерттеу институттарын дамыту үшін олардың сапалы да қажетті жобаларын дұрыс іріктеп, қаржыландыруды құзырлы органдарға тапсырып, бұл саланың дамуына айқын әрі ашық ережесін дайындауды тапсырды. Кез-келген өркениетті елдердің дамуы ғылымның әр саласындағы жетістіктерімен өлшенеді. Сондықтан, ғылымға жол ашып, оның дамуына жағдай жасалса, еліміздің барлық бағытында оң өзгерістер болатынына еш күмәніміз болмауы керек.

Мемлекет басшысының осы бағыттағы тағы бір тапсырмасы халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, еліміздің даңқын шығарып жүрген жеткіншектерге тиісті қолдау көрсету туралы болды. Мектеп оқушыларынан халықаралық олимпиада жеңімпаздарына арнайы мелекеттік гранттар бөлінетінін атап өтті. Бұл қуантарлық жағдай. Жолдаудағы атап өткен бастамалардың барлығы ең алдымен халқымыздың әлеуетін арттыруға арналған деп білеміз.

Жарқынбек ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,

Түркістан қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы