ТӨТЕНШЕЛІКТЕР БАЙҚАУДА ҮЗДІКТІ АНЫҚТАДЫ

649 көрілім

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, үш тілді жетік меңгерген азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерін анықтау мақсатында облыстық «Полиглот» байқауын өткізді.


Байқауға 12 қызметкер өтінім білдіріп, ақтық сында 10 үміткер өзара бақ сынады. Үш кезеңнен өткен байқауда қызметкерлер «Тәуелсіздік -тірегім» тақырыбында бейнеролик түсіріп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялап, Тәуелсіз Қазақстан жайында сұрақтарға жауап берді.
Шараға Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Е.Сарыбаев, Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.Шерова, осы орталықтың ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Оразбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы А.Сұлтан, Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы Г.Серік қазылық етті.
Білімдері мен алғырлықтарын, жүйріктіктері мен өнерлерін ортаға салған бұл байқауда жүлделі үшінші орындарды Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маман азаматтық қорғау аға лейтенанты Заңғарбек Бақтиярұлы, Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мейрамхан Бақытұлы және Кентау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуаныш Нұралыұлы өзара еншіледі. Ал, жүлделі екінші орындарды Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Асылбек Ақылбекұлы мен Сайрам аудандық төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Абылайхан Есболұлы иемденді. Байқауда жүзден жүйрік шығып, әріптестерінен оза шауып бірінші орыннан көрінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бақдаулет Абытұлы жеңімпаз атанды. Бақдаулет Абытұлы алдағы күндері республикалық байқауда Түркістан облысының намысын қорғайтын болмақ.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы