Мәслихат депутаттары әлеуметтік осал және әлсіз топтарға қолдау көрсетуде ресми жиын өткізді

447 көрілім

Бүгін «NUR OTAN» қалалық филиалы жанындағы жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал, әлсіз топтарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды Түркістан қалалық мәслихаты.

Ресми жиынға қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты А.Абдуллаев, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Н.Жусипбаев, және Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Жипсыбаева қатысты.

Отырыс барысында А.Махмудұлы кеңес мүшелерінің құрамының өзгеруіне байланысты ұсыныс тастап, қабылданатындығын жеткізді. Күн тәртібіндегі бекітілген мәселе бойынша Д.Жипсыбаева баяндама жасады. Жыл сайын ерекше күтімді қажет ететін адамдарды мүгедектер арбасымен, протездік бұйымдармен, тифлотехникалық құралдармен және курорттық еммен қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.
2021 жылы 6 айында арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін 393 құралға өтініш тіркеліп, 153 құралмен қамтамасыз етілген. Жоспар 38,9 пайызға орындалған деді. Сонымен қоса, 2021 жылы 6 айында протез-ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз ету үшін 517 құралға өтініш тіркеліп, 27 құралмен қамтамасыз етілген. Жоспар 5,7 пайызға орындалған. 2021 жылы 6 айында арнайы тифло техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін 260 құралға өтініш тіркеліп, 29 құралмен қамтамасыз етілген. 2021 жылы санаторий-курорттық қамтамасыз ету үшін 933 адамның өтініші тіркеліп, 835 жолдама бөлінген. 6 айдың қорытындысы бойынша 125 жолдамамен қамтамасыз етілген.
Жоспардың 13,3 пайызға орындалғаны белгілі болды. Сөз соңында кеңес мүшелері өзара ой бөлісіп, баяндаманың атқарылу барысын кеңінен талқылады. Алдағы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан да жоғары деңгейде жетілдіруді ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы