КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

758 көрілім

Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен депутат Ғаппар Амантайұлы тұрғындар арасындағы туындаған мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 5 тұрғын өз мәселелерін айта келді.

Атап айтқанда,Тенлибаева Анжелика есімді көп балалы азаматша тұрғын үй мәселесі жайлы айта келіп, өзінің кәмілеттік жасқа толған қызы мен ұлына жұмыс сұрады. Нәтижесінде Төлепбай Серікхан мен Төлепбай Перизат қоғамдық жұмысқа тартылып, сол арқылы өздерінің жалақысын алып отыратын болды. Сонымен қатар ол азаматшаның мүгедектігі жайлы да мәселе қозғалып, ол да өз шешімін тапты.

Екінші кезекте Умирзакова Жайсан қазіргі таңда қоғамдық жұмыс жасап жүргендігін айтып, алдағы уақытта мүмкіндік болса өзінің тұрақты жұмыс орны болғанын қалайтындығын жеткізді. Қалалық жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен ақылдаса отырып, бұл азаматшаны «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Канетова Ақмаралдың мәселесі де,тұрақты жұмысқа орналасу. Бұл аталған мәселе бойынша ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылып, ол азаматша ұсынылған жұмысты істеуге дайын екендігіп айтып, өз ризашылығын білдірді.

Әбдікәрімов Төребай болса қоғамдық жұмыспен қамтылған азаматшаларға барынша қолдау көрсетіп, алдағы уақытта олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасайыны жайлы айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы