МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОРТАҒА САЛЫНДЫ

549 көрілім

Түркістан қалалық “Nur Otan Turkistan” партиясының ғимаратында Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы қоғамдық қабылдаулардың нүктесін қойып, өзінің жеке қоғамдық қабылдауын өткізді.

Әуелбекова Ұлдар жол және газ мәселесі бойынша өз өтінішін айтты. Мәселесіне назар аударып, тұрғынның тұрғылықты мекен жайына барып көшенің тыныс-тірішілігімен арнайы маманмен барып көз жеткізетіндіктерін хабаралады. Көшеге тас төсеу жұмыстарына ықпал жасайтындығын айтты.

Иманова Динара тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша келді. Өтініш иесіне тұрғын үй кезегінде нешінші тұрғандығын анықтап беріп, өз кезегі бойынша алдымыздағы жылдың есебінен берілетіндігін айтты. Сонымен қоса Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына жолдап, АСП алуға ықпал жасайтындығын жеткізді.

Таштемірова Әсел жалғыз басты ана тұрғын үй мәселесі бойынша келді. Жас нәрестесімен паналайтын мекен жайының жоқтығын жеткізген анага бейжай қарамай, Сауран мөлтек ауданында орналасқан әлсіз топтағы азаматтарға арналған уақытша баспанадан бір бөлмелі пәтер алып берді, сонымен қоса қаржылай көмек көрсетті.

Ташмухамедова Зухра өз мамандығы бойынша жұмыс жасауға көмек көрсетуін сұрады. Тұрғынның өтініші бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманынан бағдар ала отырып, жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырды.

Ташметова Нилюфар қоғамдық қабылдауға қаржылай көмек сұрады. Қызының ем-домына Мақсат Асылбекұлы өзі тарапынан ол азаматшаға қаржылай қолдау көрсетті.

Исмайлова Сайда есімді азаматша мамандығы бойынша қызметке орналастыруды сұрады. Бұл азаматшаға алдағы уақытта мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруға ықпал жасайтындығын айтты.

Уркинбаева Асем тұрғын үй кезегін біліп беруін сұрады. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласып кезегін біліп бере отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Реметова Элмира Мұсабеков көшесінде орналасқан мектептің айналасына жол кедергісі мен жол белгісін орнатуды сұрады. Бұл мәселе бойынша да тиісті бөлім мамандарына хабарласып мәселе шешімін тапты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы