КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЛЕГІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖАЛҒАСТЫ

208 көрілім

Қалалық мәслихат депутаттары Тәжібек Қалманұлы мен Оғылжан Сабыржанқызы «Қуаныш» сауда үйінің кәсіпкерлеріне қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға келген кәсіпкерлердің басым бөлігінің мәселесі қала сыртынан салынып жатқан жаңа базарға көшу болып отыр. Атап айтқанда Нұржанова Бибігүл есімді кәсіпкер: Қуаныш базары жабылады деп, жаңа базардың қызметкерлері келіп, сол базардан орын алуды ұсынғандығын айтты. Бұл мәселе бойынша әр азаматтың өз еркінде қай жерде кәсібін жасауы, ол алдағы күннің еншісінде деп түсіндірді.

Ибрагимов Данияр – бұл азаматты да толғандыратын мәселе сауда орталығының жаңа базарға көшіру жұмыстары болды. Сонымен қатар қазіргі таңда «Азиз» базарының орнында құрылыс жұмыстары басталып, ол жерге демалыс орнын салынатындығы белгілі болды. Ал осы базарда сауда жасап жүрген азаматшалар Қуаныш сауда орталығындағы көкөніс сататын азаматтарға келіп, қоқан – лоқы көрсетіп, олардың өздерімен бірге жаңа базарға көшуін талап етіп жатқан секілді.

Осы мәселені айтып келген мына азаматшалар Идоят, Қашқарбаева Қарлығаш, Тұрғанбаева Ақмарал және бір топ сауда жасайтын азаматтар бұл мәселені оңтайлы шешіп беруін өтінді. Аталған мәселе бойынша ешқандай шара көрілмейтіндігі және Қуаныш сауда орталығының азаматтарына еш алаңдамай өз жұмыстарын жалғастыра беруін айтып түсіндірді. Осындай келелі сөз саптауымен жүргізілген қоғамдық қабылдау сауда өкілдері арасында жылы сипатқа ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары