ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

716 көрілім

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары тың бастама көтеріп, қала тұрғындарының әр салада туындап жүрген мәселелері бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізді. “Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй испекциясы” бөлімі ғимаратында қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен қалалық мәслихат депутаты Ардақ Үсенұлы тұрғындармен қоғамдық қабылдау жүргізді.

Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй кезегіне байланысты баспана алудың жолдарын сұрады. Атап айтатын болсақ, ең бірінші Байдаулетов Мырзахан есімді азамат бір бөлмелі пәтерде 3 бірдей перзентімен тұратындығын айтып, үй қашан алатындығын сұрады. Тұрғынның өтінішімен таныс болған депутаттар заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үй өз кезегімен берілетіндігін айтты. Екінші кезекте Асқарова Набира ерекше күтімді қажет ететін қызының бар екендігін айтып, тұрғын үй бойынша кеңес алуға келгендігін жасырмады. Өтініш иесіне депутаттар тарапынан арнайы кеңес беріліп, баспана алудың бағыттары ұсынылды.

Сонымен қоса, дәл осындай жағдаймен келген Тулеуова Зухра есімді азаматшаға да түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалдамалы пәтерді күнелткен аналарға арнайы тұрғын үй алатын болса, бір миллион теңге көлемінде сертификат табыстауға болатындығын хабарлады.Жуманова Айкерім жалғызбасты жұмыссыз ана ретінде 2690 орында тұрғын үй кезегінде тұр. Жұмысқа араласып напақа табу үшін, екі бүлдіршінін балабақшаға орналастыру керек. Мақсат Асылбекұлы қабылдау барысында «Болашақ» балабақшасының басшылығына хабарласып, бір ай көлемінде тегін оқуына ықпал жасады. Сонымен қоса, өз кәсібін бастау үшін арайы «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасында 3 ай көлемінде оқуға мүмкіндік қарастыратындығын жеткізді.

Сұлтанбекова Бибикул және Васарова Нұрсұлу есімді азаматшалар тұрғын үй қай уақытта берілетіндігін білу үшін келген. Қоғамдық қабылдауға бұдан бөлек бірқатар әлеуметтік мәселелерін айтып келген тұрғындар Сұлтанбекова Бибикулге азық-түлік арқылы көмек көрсетіліп, Васарова Нұрсұлуға қоғамдық жұмыспен қызмет жасау ұсынылды. Сонымен қоса тұрғын үй кезегі бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Садыкова Кайша Айкерім есімді ерекше күтімді қажет ететін қызының кепіл хаты арқылы қоғамдық қабылдауға келді. Қызы жалғыз басты және осал топтағы азаматша ретінде үй кезегінде тіркелген. Мақсат Асылбекұлы және Ардақ Үсенұлы Кайша Сапарбекқызына Түркістан қаласының тұрғын үй қорында қазіргі таңда 13548 азамат тіркелгендігін мәлімдеп, оның ішінде әлсіз топтағы 5900 адам бар екендігін айта келе, тұрғын үй заңға сай өз кезегімен берілетіндігін хабарлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы