ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ МЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

740 көрілім

Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен депутаттар Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Ақиқат Махмудұлы тұрғындар арасында орын алған өзекті мәселелері, сонымен қаланы газбен қамту мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді Қабылдау Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің ғимаратында болды .

Талдап тоқталар болсақ, қабылдауға келген Орынбаев Әбдінаби, Алиакбаров Серікбай және Күшікбаева Меруерттердің мәселелері бір бағытта болды. Олар ауыз су, сарқынды су және жылу мен жарық мәселесі жайлы қозғады. Тұрғындар алдағы қыс мезгіліне жылыту маусымдық жұмыстары жайлы мәлімет алып, қаланы газбен қамту жұмыстарының жоғары деңгейде аяқталғанынан хабардар болды. Сонымен қатар ауыз су және сарқынды су құбырлары тартылмаған аумақтарда қай уақытта жүргізілетініне нақты жауап ала білді.

Тұраров Мұрат есімді азамат өзі тұрып жатқан аумақта ауыз су жүйесінің тартылмағандығын және оны жүргізу жұмыстарының қиындық тудырып жатқандығын айта келді. Нәтижесінде Сүлеймен Тұрсымбайұлы өз қаражатынан осы азаматқа үйіне су құбырларын жүргізіп беруді мойнына алды.

Тағы бір осындай жомарттық істің көрінісі Абдувалиев Акрамжанға да жасалды. Оған депутат Ақиқат Махмудұлы өз қаражаты есебінен газ жүйесінің сары жәшігін орнатып беруді ұсынды.

Тағы бір аталмыш мәселені Атаханова Жамила айтты. Ол қаламыздағы көптеп салынған демалыс орындарында адамдар аялдайтын орындықтарды көбейту ұсынысымен келген екен. Бұл ұсыныс та назардан тыс қалмай, алдағы уақыттарда өз шешімін табатын болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы