КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС

926 көрілім

Естеріңізде болса, алдымыздағы аптада қала тұрғындары тарапынан Бекзат мөлтекауданындағы жер мәселе бойынша наразылық туындаған болатын.

Аталған мәслені дұрыс жолмен шешуді тапсырған қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлының бастамасымен, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлының қатысуымен бүгін, Бекзат мөлтек ауданы бойынша жерді заңдастыру туралы жұмысшы топ комиссиясының бірінші отырыс болып өтті. Бұл жұмысшы топ комиссясының құрамына қалалық мәслихат депутаттары тарапынан Мұсаев Тәжібек Қалманұлы бекітілді. Комиссия төрағасы қала әкімінің орынбасары Тасов Жандос Қалмырзаұлы. Тұрғындар өтініші бойынша өздерінің арасынан 3 азаматты комиссия мүшелігіне ұсынған болатын. Олар да өз кезегінде осы жиынға қатысып отырды.

Онда келіп түскен 504 өтініштің 144-інде тұрғын үй құрылысы салынғанын, 137 – сінде іргетасы құйылғанын, қалған 223 – і бос жер учаскелері екендігін анықталғандығы айтылып өтті. Өтініштердің барлығы дерлік қабылданып, тиісті бөлімдер ұйымдастыру және құжаттарын заңдастыру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы жайлы ақпараттар сарапқа салынды.

Алдағы уақытта, әр апта сайын осы жұмысшы топтың комиссиялық отырысы тұрақты түрде болып отырады және келесі аптада алғашқы 45 тұрғын үйдің мәселесі бойынша жер комиссиясының кезекті отырысы болып өтетіндігін назарларыңызға ұсынамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы