ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ, КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

852 көрілім

Мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Қала әкімінің орынбасары Мұрат Серікбайұлы тұрғындар мәселесіне назар аударып, жалғызбасты, көп балалы аналармен кездесу өткізді.

Жалпы бір топ аналардың келгендегі мәселесі, қазіргі таңда өзекті болып тұрған атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, азық-түлік мәселелері мен қоса жеке кәсіпкерлікті ашуға көмек көрсету туралы болды. Сонымен қатар, қала базарларындағы баға тұрақсыздығы, жаппай тауарлардың қымбаттауы жайлы да пікірлерін ортаға салды.

Қалалық әкімдікке қарасты “Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Г. Даханова, «Жұмыспен қамту 2020» бөлімінің басшысы А.Жолаева қатысқан бұл жиында тұрғындар өз көкейлерінде жүрген тиісті сұрақтарына қойып, керекті ақпараттарын ала білді және олардың алдағы атқарылатын істеріне бағыт-бағдар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы