


Тәуелсіздігіміздің мерей тойы қарсаңында Ресей Федерациясының солтүстік батыс қиырындағы Санк- Петербург қаласының тұрғыны,Кентау қаласының тумасы,қоғам қайраткері,жазушы Шерхан Абилов жаңадан құрылған Сауран ауданының болашақтағы өлкетану музейіне 40 дана кітап, 25 дана орден, медальдар,өткен ғасырдағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі өткеннен сыр шертетін тарихи мұраларды сыйға тартты.Еңбегімен елге танылған қоғам қайраткері Шерхан Абилов ағамыз болашақ жастарға тарихи жәдігерлерді насихаттап,тарихи маңызы бар мұраларды тарту етіп отырғанына ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде. Қоғам қайраткерінің бұл еңбегі болашақ жастарға үлгі болары сөзсіз.