ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

519 көрілім

Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы және қала әкімінің орынбасары Базарқұлов Мұрат Серікбайұлы қала тұрғындары арасындағы қабылдау жұмыстарын ары қарай қала көшелерінде жалғастырды.

Олар Сауран мөлтек ауданындағы Жүсіп Қыдыр көшесінде болды. Кездесу барысында сол ауданда көпқабатты үйлердің алдында ауладағы жиналған қоқысты тазалатып, балалардың ойын алаңшасын орнату, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мәселелері ұсынылды.

Халықтың мұң – мұқтажын тыңдаған басшылар, оның шешілу жолдарын да қарастырды. Аталған мәселелер бойынша сенбі күні техникалық құралдар жолданып, ойын алаңшасын салу жоспарланды. Қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетілетін мәселелер оңтайлы шешімін табуға кәсіпкерлерге ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы