Халықтың мұң – мұқтажын тыңдаған басшылар

43 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы және қала әкімінің орынбасары Базарқұлов Мұрат Серікбайұлы қала тұрғындарына жұмыс кестесінен белгіленген уақыттан тыс қабылдау жүргізді.

Жалпы бұл қабылдауда тұрғындардың мәселесі әлеуметтік бағытта көтерілгендіктен Түркістан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ақмарал Пернебекқызы да қатысып отырды. Кездесу барысында халық арасында орын алып отырған, атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, жұмыспен қамту, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша гранттар алу сияқты мәселелер көптеп кездесті.

Сонымен қатар әлеуметтік көмек сұрап келген көп балалы, жалғыз басты аналар да болды. Халықтың мұң – мұқтажын тыңдаған басшылар, оның шешілу жолдарын да мейлінше тез қарастыра білді. Заң аясында шешілетін мәселелер құжаттар толтырылуы арқылы тиісті мекемелерге бағытталған болса, қаржылай және әлеуметтік көмек көрсетілетін мәселелерді оңтайлы шешімін табуға ортаға ұсынылды.

Атап айтқанда Аскарова Нурия есімді көп балалы, жалғыз басты ана өзінің денсаулығы жоқ екендігін жеткізе келіп, азық – түлікпен, алдағы уақытта көмір – отынмен, киім – кешекпен қамтамасыз етуін сұрады. Тағы да осы сынды Исламбаева Динара есімді азаматшаның да мәселесі жоғарыдағыдай.

Мәселенің мән – жайымен танысқан абзал азаматтарымыз қарап қалған жоқ. Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың өтініштері аяқсыз қалмады. Оларға бей жай қарамаған мәслихат хатшысы өзінің тарапынан және қаладағы бөлімдер тарапынан әлеуметтік көмек көрсететінін мәлімдеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары