ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

1  865 көрілім

Ресейдің Қазан қаласында жасөспірімдер арасында белбеу күресінен Әлем чемпионаты мәреге жетті. Әлемнің 13 мемлекетінен 150 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде түркістандық өрендер тағы да биік тұғырдан көрінді.
Бүгін Түркістан теміржол вокзалынан чемпиондарды жерлестері құрмет-қошеметпен қарсы алды. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер ассоциациясының құрметті президенті» Әбілсейіт Дүйсебаевтар ел мерейін асқақтатқан спортшыларға құттықтауларын жеткізіп, алдағы жарыстарда тағы да жеңісті жолдарын жалғасын тапсын деген ниеттерін білдірді. Сондай-ақ, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков спортшыларға Алғыс хат пен сертификаттар, бағалы сыйлықтар табыстады.


Айта кетейік, Әлем чемпионатында Әбдісалан Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Алмас Темірбай 95 келі салмақта, Асылжан Кәрім 85 келі салмақта чемпион атанса, Ақбота Қыдырәлі 63 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Спортшылардың осындай толағай табысқа жетулеріне жаттықтырушылары Самат Арғынбаев, Рамазан Дарханбай, Нұржан Садықов, Мұхтар Бөгенбаевтардың еңбегі орасан зор.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Райымжан ӘЛІБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы