ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢАША СИПАТЫ ОРЫН АЛАДЫ

633 көрілім

Түркістанды 6 секторға бөліп қарастыруды ұсынған қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы бүгін қала аумағында секторлар орналасатын ғимараттарды аралап, қызмет көрсету мүмкіндігі мен деңгейін саралады. Олар осы 6 сектор бойынша тұрғындардың талап-тілектерімен жұмыс жүргізетін арнайы орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

Осы орайда мамандардың “Яссы”, “Сауран”, “Шавгар”, “Бекзат”, “Отырар”, “Бірлік” секторлары бойынша бөлінісін әзірлеуді бастағаны мәлім болды. Алдағы уақытта “Халықпен жұмыс жүргізу секторларында” 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатпақ. Бұл мамандар халыққа коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешілуі үшін жұмыс атқаратын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы