ТҮРКІСТАНДА 922 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

820 көрілім

Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» қалада 15 жоба енгiзiлген. Қазір 15 жоба толық iске қосылып, 922 жұмыс орны ашылды.

«Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» ақпаратына сай, осы жылы облыс орталығында 11918 шағын және орта кәсiпкерлiк субъект тiркелген. Бүгінде он бір мыңнан астам субъекті жұмыс жасап тұрса, 26 мыңнан астам адам осы орындарда жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы қолдау көрсету мүмкіндігі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қарастырылған.

Бүгінгі таңға дейін жобалық кеңсеге Түркістан қаласынан 14 жоба ұсынылған. Оның 7-еуі туризм, 4-еуі тамақ өндіру және 3 жоба білім саласына бағытталған.

Қазіргі таңда, рухани астананың әлеуетін көтеру үшін қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жұмыс жасауда.

2023 жылға дейін Түркістан қаласының аумағында 3000-ға жуық жұмыс орны ашылып, мыңдаған адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы