ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА 30 КІТАП СЫЙЛАДЫ

850 көрілім

Қазақ қашанда білім мен құнды дүниелерді қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтауды мұрат еткен. «Атадан балаға» деп ұрпағына сыбаға үлестіріп, мұра қалдырған. Бүгінде осы дәстүр әлі де жалғасып келеді.

Мысалы 2007 жылдан бері халық әдебиетін терең нсихаттау, мәдени және рухани мұраны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қолға алынған болатын. Елімізде 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланғаннан кейін, аталмыш республикалық акция ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталды. Танымал тұлғалар, ниетті кісілер «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен үздік кітаптар топтамасын жалпыхалықтық оқуға ұсынды. Солардың бірі, Ресей Федерациясының солтүстік батыс қиырындағы Санк-Петербург қаласының тұрғыны, Кентау қаласының тумасы Ресей актері, журналист, инженер технолог, кинотанушы, қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Әбілов жаңадан құрылған Сауран ауданының болашақ өлкетану музейінде ұйымдастырылып жатқан экспонаттарға 30 кітап, 25 дана әртүрлі орден-медалдар тарту етті.

Шерхан Әбілов көптеген байқаулар мен кинофестивальдардың лауреаты, 2011 жылы түсірілген «Ельцин Три дня в августе» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған. Кентау қаласында туылғанымен жұмыс барысына байланысты шетелге қоныс аударған. Алайда әрдайым ұлт алдындағы қасиетті борышы мен құндылықтарын қастерлей алатындығын осы іс-қимылынан біле беруге болады. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын қастерлеп келе жатқан, бауырмал азамат ең құнды дүиелерін ортаға салып біраз азаматқа үлгі көрсетті. Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ бірсөзді аға, берген уәдесіне жауапкершілікпен қарайтын салиқалы еңбекқор, патриот. Тарихи жәдігерлер жинақтап шығармашылығымен танымал болған жас ұрпаққа өнегелі туындыларды әлі де жазады деген үмітіміз бар. Тәуелсіздіктің мерей тойы қарсаңында жіберген құнды дүниелері үшін Шерхан Әбілов ағамызға айтар алғысымыз шексіз.. Алдағы уақытта, Шерхан Әбілов тарту еткен кітаптар жас ұрпақтың пайдасына жарап, мол азық боларына күмәніміз жоқ.

Ләззат САРЫБАЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы