ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫНА ҮШ ЖАРЫМ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

586 көрілім

Қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында қалалық мәслихат депутаттары Ғаппар Сәрсенбаев, Мақсат Таңғатаров «ашық есік» акциясы аясында оншақты қала тұрғынын қабылдады.

Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жулаеваның айтуынша, халық қалаулыларының қабылдауында болған жандардың көпшілігі жұмысқа орналасу туралы ой-пікірлерімен бөліскен.

Қазіргі таңда орталық Еңбек кешенді бағдарламасы аясында жеті айда 3554 қала тұрғыны жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан. 50 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. 160 адам жаңа бизнес жобасын ашу үшін 200 АЕК яғни, 583400 теңге көлемінде грантты жеңіп алды. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы жылдық жоспар 310 адам болса, күні бүгінге дейін 226 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 418 жас жастар практикасы жобасына қатысты. 105 адам әлеуметтік жұмыстарға, 1071 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Тұрақты жұмыс орындарына 1223 азамат қабылданды.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы