- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Осыдан екі апта бұрын Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының қолдауымен Яссы сауда орталығында ашылған қайырымдылық дүкені жүзге жуық жанға көмектесті. Олар 74 отбасыға киім-кешек, 27 отбасыға азық-түлік үлестірді. Дүкен меңгерушісі Әсем Үркінбаеваның айтуынша, тұрмысы төмен отбасылардың хал-жағдайын сол аумақта орналасқан қалалық Ақсақалдар алқасының 16 сектор меңгерушілері анықтап, солардың сараптауынан өткен соң ғана беріледі. Қазіргі таңда қаладағы жомарт жандар мен меценат кәсіпкерлер белсенді түрде қолғабыс етуде. Сегіз баланың анасы Сәуле Молжігітова қиналған шағында қол ұшын берген Ақсақалдар алқасының мүшелері мен сектор жетекшілеріне жүрекжарды алғысын жеткізді.
Иса БЕРКІМБАЙ