- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Қарты бар үйдің қазынасы бар,» – дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы. Әр күндері мереке болып өтеді.
Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді.
Өнегелі өмір жолын өрнектеп, абыз атанған Түркістандық Бимаханбетов Елтай ақсақал 90 жастың төбесіне шықты. «Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының алғашқы жеңімпаздары – Бимаханбетовтер отбасын көне шаһарда танымайтындар кемде-кем. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков үлгілі отбасы үлгісін танытып жүрген шаңыраққа арнайы барып, Елтай ақсақалды мерейлі жасымен құттықтады.
– Ел ішінде «Өсетін елдің қарты – қазына болар» деген даналық бар. Тәуелсіз елдің ұлағатты ұлын, инабатты қызын тәрбиелеуде қазыналы қарияларымыз – Сіздердің алатын орындарыңыз бөлек. Өздеріңіздей аға буынның жүріп өткен жолы – болашақ үшін үлкен өмірлік мектеп, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Абыз ақсақал шаһар басшысымен пікірлесіп, қаланың ертеңі, ұлттық рух, елдік сана туралы әңгіме қозғады. Еңбек жолынан естеліктер айтып, отбасы мерейін тасытудың сырларымен бөлісті.