АТА ЗАҢЫМ – ТӘУЕЛСІЗДІК АЙҒАҒЫ

736 көрілім

Бүгінде егеменді ел болып қалыптасқанымызға 30 жылдың жүзі болды. Тәуелсіздік алғаннан бастап шекарамызды шегендеп, іргемізді бекіттік. Мемлекеттік Рәміздерді қабылдадық. Ата Заңымызды айқындадық.

Осыдан 26 жыл бұрын, дәлірек айтқанда, 1995 жылы 30 тамызда республикамызда жалпыұлттық референдум өтіп, жаңа Конституция қабылданды. Конституция мемлекеттік құқықты қалыптастырушы құжат болып табылады. Ата Заңның 1-тармағында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Заңда белгіленген барлық тұжырымдар мен қағидалар өмірдің сан-саласын өркениетті заң жүзінде басқаруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен құқықтық құжат болып табылады. Қабылданған мемлекеттік құжаттың арқасында еліміздің мемлекеттік тұғыры нығайды, оның басқару тетігі бір жүйеге келді. Осылайша, әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бас-тауына айналды. Айналасы 26 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы уақтылы, дұрыс қабылданған Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің толық қамтылғанын айғақтайды.

Конституция – тәуелсіздіктің жасампаз рухы салтанат құрған еліміздің берік тұғыры десек, оның кемелділігінің өзек-ар­қауы бүгінгі таңдағы қоғамдық қаты­настың сан-салалы мәселелерінде экономикалық-әлеуметтік, саяси, мә­­дени тұрғыдан дамып, өркен­деуі­міз­дің нәтижесіне тікелей байланысты. Қазақ жерінде тұрып жатқан әр­түрлі ұлт өкілдерінің этностық, діни және өзге де сипатына, әлеуметтік тегіне қарамастан, барлығының тең жағдайда өмір сүруі туралы ере­же біздің Конституциямыздың, конс­титуциялық қағидатымыздың басты өзегі болып табылады.

Конституция еліміздің қауіпсіз­дігін қамтамасыз ететін орнық­ты саяси-құқықтық тәртіпті қалыптас­тыр­са, конституциялық жүйенің не­гіз­гі элементі ретіндегі қуатты Прези­­денттік билік институты азамат­тық қоғам институттарының қалып­та­суы­на баса назар аудара отырып, өзінің толыққанды әлеуетін дәлелдей алды.

Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі. Осы мереке күні барша қазақстандықтарға татулық пен келісім, денсаулық, табыс пен молшылық тілеймін. Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын! Ата Заңымыз тарихымыздың мақтанышына айналсын.

Айгерім МҰРАТ,

«Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК-ның бас редакторы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы