2009 жылы ұлы Абай елінде Семей қаласында патриоттар форумы өтті. Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан оншақты делегация мүшелерінің ішінде мен де болдым. Абай еліне барған соң поездан түсе сала Абай мен Шәкәрімнің басына Жидебайға тарттық. Қазіргідей емес ол кездерде жол қайдан тегіс болсын біраз уақыт ойдым-ойдым жолдардың талай шақырымын артқа тастап келеміз. Поезда ұйқыны қандырып алғанбыз, жол-жөнекей қасымызға ерген семейлік жігіттен Абай туралы сұрап келеміз. Абайды ұлы еткен тек Абайдың шығармашылдығы ғана емес Абайдың ел арасындағы әділ, таза ірі де іргелі би болғаны туралы көсіліп сыр шертті. Абай билік жорасына байланысты біраз құнды дүниелер қалдырған. «Абай және мал дауы», «Абай және жесір дауы», «Абай және жер дауы» деген құнды мұраны Абайтанушылар ғана емес дүйім жұрт біледі. Абай өз заманында адам құқығын сақтаудың, дауларды адам мен қоғам мүддесіне қарап шешетін айтулы беделді би болған. Академик-жазушы Мұхтар Әуезов «Билікке келгенде тобықты ішінде Абайдан әділ, таза, күшті биді бұрынғы заманда да көрген жоқ деп айта аламын» депті.
Осы деректер белгілі қоғам қайраткері, академик Салық Зимановтың еңбектерінде айтылса, ал тереңнен сыр шертетін «Билер соты-қазақ құқығының белгісі» еңбегінде биліктің әділдік сипаты айтылады. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ашық әрі демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін іске асыра алатын бас құжат қажет болды. 1993 жылы алғашқы Ата заңымыз жарық көрді. Алайда бұл Конституция еліміздегі нарықтық өзгерістеріне толық жауап бере алмады. Заман ағымына толық жауап беру үшін қазақстандықтардың мүддесін толық қорғайтын бас құжат қабылдау қажет болды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен сарапшылар тобы құрылып, Конституция жобасы талқылауға салынды. Жобаны зерделеуге, сараптауға мықты заңгерлер, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, Ресей зерттеу орталығының заңгерлері қатысты.
Ұлы даламыздың даналары әлем таныған ғұламалар Аристотель, Конфуциилардан бірде бір кем емес. Бұл тұста ұлы даламен тәуелсіздік дәуірінің сабақтастығы жатыр. Бүкілхалықтық референдум арқылы 98 баптан тұратын 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Ата заңымыз дала заңымен нәрленген, ел сұранысына жауап беретін көп ұлтты, көп конфессиялы қоғамдағы ең басты қазына адамның құқығы мен бостандығын, мүддесін қорғайтын керегесі кең қоғам мен мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, адам құқығының сақталуына, бірлік пен тұрақтылыққа жол ашушы басты құжатқа айналды. Уақыт талабына сай толықтырулар енгізілуде. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болғанына қарамастан әлемдегі адам құндылықтарын дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі.
Ата заңымыз жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай адам мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасын өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде халыққа қызмет етуде. Ата заңымыз – мемлекеттік құндылық. Ал оны бұлжытпай орындау – қастерлеу баршамызға парыз. Ата заң тәуелсіз Қазақстанның өсу өркендеу жолындағы бас тірегі. Тірегі мықты мемлекет – мәңгілік мемлекет.
Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының рынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты.
