ЖҮЙЕЛІ ТІРЛІК – БАЯНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕПІЛІ

482 көрілім

Түркістанда соңғы күндері табиғи газға қатысты сауалдар көбейіп, мәселелер туындауда. «109» байланыс орталығына түскен өтініштерді саралау барысында «Сырдария» тұрғын үй кешені мен Т.Бокин көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындарынан өтініштер көбейгені анықталды.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс күнін бастамас бұрын өзекті мәселелерді назарына алып, тиісті бөлім басшыларымен екі аумақты аралады.

«Сырдария» тұрғын үй кешенінде тұрғындар мен газ тасымалдаушы мекеме арасында толық келісім-шарт түзілмеуінің себебінен қазіргі таңда бірқатар үйге әлі күнге дейін газ қосылмаған. Нұрбол Әбдісаттарұлы «Отырар» сектор мен қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімі басшыларына газ тасымалдаушы мекемелерді шақыртып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Т.Бокин көшесіндегі көпқабатты үйлерді газдандыруға қатысты көтерілген мәселе бойынша шаһар басшысы тұрғындардың тілегін тыңдады. Мұндағы көпқабатты 17 тұрғын үйдің басым көпшілігі жеке жылыту жүйесін жүргізуге ниетті болса, 2-3 үйдің тұрғындары орталықтандырылған қазандықпен жылыту жүйесін орнатуды сұрайды.

Нұрбол Әбдісаттарұлы сектор басшысы мен белсенді тұрғындар, мамандар бірлесіп, ұсынысқа сәйкес, пәтерлердің мүмкіндіктерін, тиімділігі мен ықтимал зардаптарын зерделеу үшін үйлерді аралау қажеттігін ескертті. Аралаудың нәтижесімен нақты шешім қабылданатынын айтты.

Аралау соңы қала әкімінің жиналысымен қорытындыланды. Берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

– «Айтады, қояды» деген ойдан аулақ болыңыздар. Бүгін Сіздер нақты шешім қабылдап, тірлікті жүйелемесеңіздер, ертең мен сіздерге қатысты шешім қабылдауға мәжбүр боламын. Заң ортақ, талап бір. Жұмысты ширатыңыздар, – деді қала әкімі өз сөзінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы