ОБЛЫСТА 130 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

794 көрілім

Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұрпақ – тұрақты дамудың кепілі» атты тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Аталмыш жиында, індет жағдайында дәстүрлі оқу форматына бағытталған заманауи оқыту әдістері мен түрлі бағдарламаларды игеру, білім беру сапасын арттыру, қажетті білім мен дағдыларды беру, сыни ойлауды дамыту сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Дәстүрлі кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты. Тамыз конференциясының күн тәртібіндегі негізгі баяндамасы  2020-2021 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндалды. Сонымен қатар, алқалы кеңесте білім саласындағы жаңа технологиялар, озық тәжірибемен бөлісуге келген 60-қа жуық ұстаздар болды. Кеңеске «онлайн» жүйесі арқылы Түркістан облысына қарасты барлық мұғалімдер қатысты.

Елде пандемиялық ахуал күрт жоғарылап, карантиндік талаптар күшейтілгеннен бері мектептер толықтай қашықтықтан оқу форматына ауысқаны белгілі. Осыған байланысты, түрлі мәселелерге басқа қырынан қарауға, жаңа нәрселерді сынап көруге үлкен мүмкіндік туды. Мысалы Түркістан облысының жалпы білім саласына 387 млрд 511 млн 400 мың теңге бөлінген. Биыл облыс бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» салынып, осы оқу жылына пайдалануға беріледі. Оған қоса, 700 орындық мамандандырылған дарын мектебінің құрылысы жүргізілуде. Оқу жылының басы басталса да, 6 апатты және 4 үш ауысымды мектептің мәселесі әлі де толығымен шешімін таппаған. 2025 жылға қарай облыста 130 мектеп салынады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Төлеби, Жетісай аудандарының орталығынан              «BI GROUP» компаниясы есебінен 4 заманауи мектеп құрылысы жүргізіліп жатқанынан хабардар болдық. Одан бөлек өңірдегі үздік ұстаздар марапатталып, пандемия кезіндегі озық технологияларды қолдану әдістерін тереңінен талқылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы