ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

683 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Ел Президенті былтырғы қазан айының 22-і күні ұйымдастырылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында биылғы жаңа жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы атауымен айрықша атап өтілетіндігін айтқан болатын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен жобалардың басты мақсаты – тәуелсіздік мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту болып отыр.

Осы орайда Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастырылуымен «Qazaqstan 30 Open Fest» шығармашылық марафоны – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында тұрғындардың бос уақытын өткізу үшін «Жібек жолы» саябағында жастармен би жарысы (көше билері) мен спорттық жарыстар өтті.

Түркістан қалалық мәдениет үйінің мәдени жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мұрат Жұманов фестивальдің мақсаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын дәріптеу аясында қаламыздың өнерлі жастары мен шаһар жетістіктерімен мақтану, патриоттықты насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау болып табылады, – дейді.

Мәдени жиында әділ қазылар төрелік етіп,жеңімпаздарды анықтауда олардың орындау шеберлігіне, киім үлгісіне және дайындықтарына баса назар аударды. Фестивальдың бастамасы би жарысынан басталып, қатысушылар жеке және топтық түрде өнер көрсетті. Би жарысы аяқталған соң қатысушылар спорттық жарыстардан соның ішінде қашықтықтан жүгіру, қол күресі және нысананы көздеу (дартс) жарысынан бақ сынасты.

Сайыс соңын әділ қазылар қоры-тындылап, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастырушылармен бірге шараға қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстап, жоғары деңгейде өнер көр-сеткендері үшін дипломмен марапат-тады. Онымен қоса, әділ қазыларға да арнайы алғыс хат табысталды.

Ұ.МҰХАНҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы