ЖАСТАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

906 көрілім

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев облыстық Жастар орталығы ғимараты алдында қоғам белсенділерімен кездесу өткізді.

Парламенттегі ең жас депуттар қатарында саналатын 35-тегі Елнұр Бейсенбаев жастарға уақытын барынша тиімді пайдаланудың, жетістікке жетудің тың жолдарын баяндады. Оның ішінде әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану жетістікке жетелейтіндігін әңгімеледі.

Мемлекет қаражатымен шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқып, сол елдің көсегесін көгертіп жүрген көген көз жастарды сынады. Күні ертең олардың балалары да ел патриоты болу орнына, дүбәра хал кешетіндігіне тоқталды. Туған елінің туын биік ұстаған тарихи тұлғалар Нұртас Оңдасынов, Жұмабек Тәшеновтердің ерлік істерін өнеге етіп ұсынды.

Қазіргі таңда жастардың жан-жақты жетілуі үшін «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» айдарымен 216 бағдарлама қабылдағандығын тілге тиек етті. Биылдың өзінде 35-ке дейінгі жастар арасынан 616 депутат суырылып шыққан. Оның бесеуі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты атанды. Өзінің де үзбей ізденіс арқылы осындай жетістікке жеткендігін мақтан етті.

Жастар өздерін толғандырып жүрген жайларды ортаға салып, тұшымды жауаптар алды. Жастар орталығының басшылығы Түркістанда халықаралық форум өткізудің барысын сұрастырып білді.

Елнұр Бейсенбаев жастармен емін –еркін сырласып, алдағы уақытта да өзінің әлеуметтік желіні тиімді пайдаланушы ретінде жастарға қатысты барлық өзекті жайларға ашық жауап бере алатындығын мәлімдеді.

Ескендір ЕРТАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы