ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

1  214 көрілім

Қазіргі таңда қала ішіндегі тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу үшін 88 техника, 500-ге жуық жұмысшы қарастырылған. Жалпы қала көлемінде 875 көшеге тазалық жұмыстары жүргізілетін болса, оның 39-ы орталық маңыздылыққа ие. Соның ішінде, біраз аймақтар механикалық жолмен, қалған бөлігі қолмен тазаланады.

Қала ішіндегі көшелердің барлық тазалық жұмыстарын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС жүргізіп, келісім-шарт жасалған. Талапқа сай бекітілген жұмыстар бүгінде қарқынды түрде кестеге сай тазаланып келуде.

«Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» теңгеріміндегі Түркістан қаласы, Шәуілдір тас жолындағы 18 га қатты тұрмыстық қалдық полигоны «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-не берілген. Аталған полигон 2019 жылдың 7 тамызынан 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қоршаған ортаны қорғау эмиссиясының рұқсат қағазын алып, полигонға келіп түскен қоқыс қалдықтарын дер кезде жерге көму жұмыстарын жүргізіп отыр.

Қала тұрғындарына көше бойларына қоқыстарды бей-берекет шығарып тастамау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бекітілген кестеге сәйкес шығарып отыру жөнінде ескертулер күнделікті хабарлап, қағаз түрінде таратылуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы