
Түркістан қаласының әуежайы маңынан бұған дейін пайдаланылмай жатқан жерлер бау-бақшаға айналған. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ «Dala fruit.kz» ЖШС бірлескен кәсіпорын – «Turkistan fruit» мекемесі құрылды.
Бүгінде азық-түлік қалыптастыру жобасы іске асып, жемісін беруде. Қазіргі таңда жоба шеңберінде құны 35,5 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Бос жатқан 400 га. жерді суармалы алқапқа айналдырып, бақша дақылдарын қоса егу тәсілі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жүзеге асты. Жеміс ағаштары өнім бергенше, сол жерге 150 га бақша дақылдары егілді. Бүгінде қауын-қарбыз ел аумағында және Ресейге экспортталуда. «Ақылды әдісті» қолданған «Dala fruit.kz» ЖШС басшысы 150 жерге егілген қауын-қарбыздан 3 млн. келі өнім өндірмек.
Бұдан бөлек, аталған аумақта келер жылы сыйымдылығы 20 мың тонналық жеміс сақтау қоймасын салу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірдегі «дуальды оқыту» жүйесі енгізілген колледж студенттері егістік алқапта тәжірибе жинақтай алады. Мұнда Түркия елінен өнімділігі гектарына 40-50 тонна болатын 220 мың дана 7 түрлі қара өрік көшеттері алынып, отырғызылды. Израилдік технологиямен сорғы станциясы орнатылып, жер асты тамшылатып суару жүйесі жүргізілген. Сонымен қатар, 54 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
