
Жақында 2021-2022 оқу жылының мемлекеттік грант иегерлері жарияланды. Грантқа іліне алмаған талапкерлерге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркия квотасы арқылы тегін білім алуды ұсынып отыр.
Жыл сайын оқу орнына Түркия Республикасы тарапынан 500 квота бөлініп, грант тағайындалады. Түркия квотасына түсуге ниет білдірген талапкерлер 17-20 тамыз аралығында құжаттарын тапсыра алады.
Биыл Түркия квотасы 27 білім бағдарламасы бойынша бөлінді. Әр мамандық бойынша шектік балл белгіленген. Межелі балды жинаған талапкерлер http://kvota.ayu.edu.kz/signup сілтемесі арқылы тіркеледі.
Сонымен қатар, мұғалімдік мамандықтарға шектік балы – 75, Журналистика, Стоматология, Өнер мамандықтарына – 80 балл, Түркітану, Аударма ісі: ағылшын тілі, Шетел филологиясы (түрік тілі), Филология: қазақ филологиясы, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Құқықтану – 50 балл.
