ОТАНДЫҚ ӨНІМ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

576 көрілім

Түркістан қаласына арнайы жұмыс барысымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген қаламыздағы ең үлкен кәсіпорындардың біріне айналған «Түркістан texstile» тоқыма фабрикасында болды. Халық қалаулысын қарсы алған кәсіпорын басшысы Алишер Абултаев өндіріс барысымен таныстырып, негізгі цехтарды көрсетті. Е.Төлепұлы өңідіріске кедергі келтірген мәселенің бар-жоғын саралап, фабриканың даму келешегін талқылады.

Фабриканың мақсаты жеңіл өнеркәсіп нарығын отандық өндіріс өнімдерін қамтамасыз ету болып табылады. «Түркістан texstile» тек обылысымызға ғана емес тұтас елімізге танымал болған тігін цехы қазіргі таңда тапсырыстарды күтуде. Түркістан «texstile» тігін фабрикасы өз жұмысын қаңтар айынан бастап, бүгінде тыңғылықты түрде халыққа қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда тігін цехында 120-ға жуық адам еңбекпен қамтылған. Компания тұрмысқа қажетті жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді. Атап айтсақ, сүлгілер, құрақ көрпе тыстары мен ақжаймалар, қысқы қолғаптар мен мектеп формасы және әскери киімдер шығарылады.

Сонымен қатар, «Түркістан texstile» компаниясы өз өнімдерін еліміздің барлық аймағына экспорттайды. Қазіргі таңда эпидемологиялық ахуалға байланысты компания 300-ге тарта медициналық халаттарды өндіруге тапсырыс алған. Кездесуде Ержан Құдайберген Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған бастамалар туралы баяндап, өндіріс ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, тынымсыз еңбектеріне оң бағасын берді.

Балдәурен ЖҰМАБЕКОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы