Қаладағы «Бекзат» мөлтек ауданында қоғамдық көлік тасымалы ең өзекті мәселенің бірі. Аталмыш аймақты 45 мыңнан астам тұрғын мекендейді. Соңғы уақытта қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың бастамасымен құрылған 6 секторға тұрғындар тарапынан өтінімдер көп түскен. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек, газ мәселесі, тазалық жұмыстары, жарықшамдар мәселесі. Соның ішінде «Бекзат» тұрғын алабындағы халықтан түскен өтініштер жан-жақты қаралып, жүзеге асуда. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қоғамдық көлік тасымалы бойынша өтінімдерді қарап шығып, бүгінде тапсырма берілді. Сәйкесінше, аталған аймаққа үлкен, кең және таза көліктер қою «Жолаушы» ЖШС басшылығына ұсынылған болатын. Нәтижесінде тұрғындардың өтініші жерде қалмай, үлкен көліктерге ауыстырылды. Енді «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғындары кең автобустармен қатынайды. Сонымен қатар, әр автобустың келу-кету уақыт аралығы 12 минутты құрайды.
«БЕКЗАТТЫҚТАР» ҮЛКЕН АВТОБУСПЕН ҚАТЫНАЙДЫ
765 көрілім
