ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

803 көрілім

Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңіне жоспарланған жаңа жобаларды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бақылап қайтты. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарына жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Түркістан қаласы дамуының 1-кезеңі аяқталғанын ескере отырып, Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспары бекітілген болатын. Кешенді жоспарға 141 іс-шара енгізілді. Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 77%-ы жеке инвестициялар болып табылады.

Түркістанның дамуы 4 аумақта халықаралық әуежай аумағында, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында, Б.Саттарханов даңғылы бойында және мәдени-рухани орталықта жүзеге асады. Халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске қосылмақ. Оның ішінде 100 орындық замануи қонақ үй, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.

Әкімшілік-іскерлік орталығында 57 жобаның құрылысы, атап айтқанда, теннис орталығы, мұз сарайы, ат спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы жоспарланған. Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға берілмек. Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көпбейінді аурухана (МЖӘ), жедел медициналық жәрдем станциясы және «Ана мен бала орталығы» салынады.

Б.Саттарханов даңғылының бойында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га университеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені пайда болады.

Мәдени-рухани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджі қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Хилует» мәдени-рухани орталығы салынбақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы