КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

987 көрілім

Түркістан қаласын көгалдандыру, экоахуалды жақсарту мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһарда осы мәселе бойынша қолға алынып жатқан жаңа жобалардың барысымен танысты. Жұмыстарды пысықтау мақсатында мердігерлермен кездесіп, жобалардың кей тұстарына өзгерістер енгізді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жасыл желектерді гидрантты жүйемен суару әдісі мен «Парасат» бағының аумағын тиімді пайдалану жобасы туралы түсіндіріп, жалпы аумағы 30 гектар жерді алып жатқан жасыл аумақты көгалдандыруға инвесторлар қол ұшын созатынын атап өтті. Жасыл аумаққа 3 мың түп ағаш отырғызып, 600 мың гүл егу жоспарлануда. Осылайша, алдағы уақытта саябақ аумағы гүл өсіруге арналған ерекше жылыжайға айналатын болады. Саябақ аумағына ағаш көшеттерін өсіру жоспары аясында тамшылатып суару арқылы 10 гектар жерге терек, қарағаш, шынар, үйеңкі ағаштарының 60 мың көшеті отырғызылмақ.

Сонымен қатар, Өмірзақ Естайұлы «Тұран» мен «Отбасы» саябақтарындағы көгалдандыру жұмыстарының жаңа жобасымен танысып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы