ҚАЛА ӘКІМІ АҚСАҚАЛДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

1  341 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірдің ардақты ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жүздесу барысында елді алаңдатқан мәселелер талқыланды. Нұрбол Әбдісаттарұлы әңгіме барысында: «көпті көрген қариялар елдің жағдайын біліп, шындықты, болып жатқан тірлікті бүкпесіз ашық айтады. Мен үшін ел ағаларының ой-пікірі өте маңызды. Жасалынып жатқан істерге шынайы көзқарастарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізге құлақ асамыз. Ардагерлер кеңесімен тығыз байланыстамыз. Мен үшін бұл қоғамдық ұйымның орны ерекше. Халықтың жағдайын сіздерден артық білетін жан жоқ деп ойлаймын», -деді қала басшысы.

Жиында, сонымен қатар, қала тұрғындарын табиғи газбен қамту аясындағы жұмыстар ерекше назарда екені, осы бойынша 6 секторда жұмыс атқарылып жатқаны баяндалды. Ал, газбен қамтылған абоненттер бүгінде саны 22 мыңға жетіп отыр. Сондай-ақ тұрғындардың саулығын қамтамасыз ету күн тәртібінен түспей тұрған ең өзекті мәселеге айналғаны баршаңызға мәлім. Осы тұрғыда қала басшысы шаһардағы күнделікті көпшілікке қызмет көрсететін орындарды қауіпсіз ортаға айналдыру үшін жаппай вакцинациялауды, ондағы меже елді дерттен сақтап, амандығын қамтамасыз ету екенін алға тартты. Зиялы қауым өкілдері бұл тұрғыда өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында ақсақалдар алқасы әкімнің сөзін қолдай келе, билік пен қоғамдық ұйымдардың бірге екендіктерін жеткізді.

Б.РАХМАНБЕРДІҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы