МАҚСАТ – БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ

581 көрілім

Біздің облысымызда күнделікті асқа қажетті азық-түлік бағасы өзге облыстармен салыстырғанда әжептәуір арзан. Ал бағаны себепсіз өсірген сауда орындарының басшыларына тиісті шаралар көріледі. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын арнайы мониторинг топтары үнемі қадағалау үстінде. Осы тұрғыда қаламызда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейдтке шықты.

Жұмысшы топ құрамында Түркістан қала әкімінің бизнесті қолдау және туризм бөлімі және қалалық полиция департаменті, тиісті сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен рейдтік тексеріс «Алтын бұлақ» базарынан бастау алды. Әлеуметтік маңызы бар көкөністердің баға тұрақтылығын тексеріп көрген Түркістан қаласы әкімдігі бизнесті қолдау және туризм бөлімінің бас маманы Әлмахан Мұхтар өз сөзінде:

– Қазіргі таңда рейдтің негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге бағаны негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жасау. Бізге осы бұйрық түскеннен кейін бағалар бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. «Алтын бұлақ» базарының көтерме сауда сатушыларының біршамасына бағаның тұрақты болмауына байланысты ескерме нұсқаулықтар таратылды. Алдағы уақытта бұл кісілер 5 күннің ішінде бағаларын тұрақтандырып, бізге өз мәліметін енгізуі тиіс. Яғни, дихандардан алып отырған үстеме бағасымен жұмыс жасау керек. Ол 15%-дан аспауы тиіс. Шартты орындамаған жағдайда арнайы шара көріледі, – деді.

Ал ескерме нұсқаулықты алған әлеуметтік дүкен сатушының сөзіне сүйенсек:

– Біз, сөздің ашығы, көкөністердің үстінен нәпақамыз қалсын деп аз ғана қосамыз. Содан соң ол халыққа қымбат болып сатылуда. Осындай жағдайдан соң біздерді үнемі қыспаққа ала береді. Дихандардың нақ өзінен алсақ, көкөністер бізге де қолжетімді болар еді. Арада қаншама делдалдардан өтіп келген соң, көкөніс бағасы қымбаттамағанда қалай арзан болмақ? Баға тұрақты болу үшін тікелей дихандардан алуға тиісті сала мамандары көмектессе, бұл іс реттелер еді, – дейді «Алтын бұлақ» базарының сатушысы Сұлухан Жақсылықова.

Бұдан соң, құрама топ мамандары «Қуаныш» орталық базары мен «Азиз» базарларын аралап, кәсіпкерлерге ретсіз бағаны көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Балдәурен ЖҰМАБЕКОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы