АБАЙ КҮНІНЕ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА

846 көрілім

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы жарлығы бойынша оныншы тамыз Абай күні болып белгіленген.  Осы күнге орай Түркістан оқушылар сарайының Абай Құнанбаевтың ескерткіші алдында іс-шара өтті. Түркістан қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиында қаланың белді азаматтары бас қосып,ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.

Қала әкімдігінің аппарат басшысы Ерлан Бақытжанұлы Абай Құнанбаевтың қазақ еліне сіңірген еңбегі мен шығармалары туралы сөз сөйледі. Ақынның қара сөздері мен ойларын дәріптеуге шақырды. Сөз кезегін Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов жалғастырды:

− «Былтыр Абайдың 175 жылдығы кең көлемде атап өтілген болатын.Тек қана қазақ елі ғана емес, әлемнің бірнеше елдерінде тойланды. Оқушылар сарайы алдына тұрған ескерткіш былтырғы атаулы күнге орай қойылды. Абай атамыздың әрбір сөзінен алар тағылым көп. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін алып қарасақ ғылым мен білімнің маңызын сол кезден-ақ қаншалықты маңызды екенін жеткізіп отыр. Ұлы ақынның мұра етіп қалдырған әрбір шығармасы қазіргі жастарға үлгі болып қала бермек», – деді.

Еске сала кетейік, былтыр Абайдың 175 жылдығын Түркістан облысы онлайн іс-шаралар арқылы атап өтті. Әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы