ҰЛЫ АҚЫН ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

761 көрілім

Елімізде 2020 жылдан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні болып ресми бекітілген болатын. Қаламызда дәл осы күні ұлы ақынның құрметіне түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, кеңінен насихатталды. Сондай іс-шараның бірі Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты поэзия кеші өтті.

«Қазақтың бас ақыны» атанған қазақ әдебиетінің жазба мен әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткердің туғанына биыл – 176 жыл.

Ұлы ақынның өнегелі өмірін таныстырып, шығармашылығына шолу жасау мақсатында ұйымдастырылған шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің әншілері Абай әндерін орындаса, кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның жалынды жырларын жатқа оқыды. Жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін ақынның шығармашылығы мен өмірінен сырлар шертілді.

Кеш соңында, ақынның қара сөздері мен әлі де зерттеліп бітпеген шығармалары аясында оқырмандар өз ойларымен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы