ҚАЛА СПОРТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

1  168 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің «Спортты дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бүгінгі таңға дейін статистикалық есеп бойынша 221 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ: 1 спорт сарайы, 3 стадион (ХҚТУ, О.Жарылқапов, «Түркістан-Арена»), 5 спорт кешені (Бокс Федерация, Б.Шолақ, №4 БЖСМ, Халықаралық туризм және меймандостық академиясы) 139 ойын алаңдары, 10 теннис корты, 5 жүзу бассейні (Спорт сарайы, Су спорт кешені, Акваланд су кешені, Шипа су бассейні, ХҚТУ бассейні) 59 спорт залдары халық игілігі жолында қызмет етуде.

Қаламызда заманауи үлгідегі жасанды төсенішпен 64 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді (31 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңы, 7 теннис корты, 7 «Street Workout» алаңы, 3 «Street bаll» алаңы). Түркістан қаласында 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болса, онда 2474 балаға 69 жаттықтырушы тәлім-тәрбие береді. Сондай-ақ, 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (МЖӘ) – 1358 бала, 29 – жаттықтырушы жұмыс атқарады. Жалпы жерлестеріміз спорттың 12 түрімен айналысып, (волейбол, бокс, таеквондо, тоғызқұмалақ, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес) біршама жетістікерге қол жеткізіп келеді.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Спортты дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасында 1 индикатор 3 көрсеткіш бар. Атап айтсақ: 1000 адамға шаққанда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі 2021 жылғы жоспары 55,0 пайыз. 6 айдың индикатор қорытындысы бойынша 63,1 пайыз орындалды. Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес бұқаралық спортты дамыту қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бөлім тарапынан жарыстар ұйымдастырылып жұмыстар атқарылуда. Адами капиталды дамыту бөлімімен бірлесе оқушылар, мұғалімдер арасындағы спартакиадалар, жоғары, орта-арнаулы оқу орындарының студенттері, оқытушылары арасында спартакиадалар, құқық қорғау қызметкерлері арасында жарыстар, ҚР атаулы мерекелері қарсаңында дәстүрлі түрде спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілуде.

2021 жылы облыстық, республикалық жарыстарда қала спортшылары біршама жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық спартакиадада Түркістан қаласы әкімі аппараты және дербес бөлім қызметкерлерінен құралған команда 2 орынға, волейболдан ересектер арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласынан әйелдер және ерлер командасы 2 орынға ие болды. Үстел теннисінен ересектер арасында өткен спартакиадада Түркістан қаласының құрамасы 1 орынға, Түркістан қаласында өткен волейболдан және кіші футболдан 40 жастан асқан ардагерлер арасында облыстық спартакиадада Түркістан қаласының командасы 1 орынға ие болды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» республикалық турнирінде Түркістан қаласындағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияның оқушылары лига жеңімпазы атанды. БЖСМ арасында өткен спартакиадада дзюдо, еркін күрес және бокс спорт түрлерінен жерлестеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» мерекесіне арналған «ALASH PRIDE» кәсіби жекпе-жек клубының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен жастар арасындағы Халықаралық турнирді өткізіп, жерлестеріміз жүлделі орынға ие болды. Баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының Ұлттық лига командалар арасында, қаламыздан құралған «Тұран» баскетбол клубы жүлделі 2 орынға, Қазақстан Республикасының XI жазғы универсиадасында волейболдан ұлдар командасы 2 орынға ие болды. Таэквандодан кадеттер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында М.Махмутова, Д.Құттыбаев, З.Әмірбек, Д.Камалхан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Б.Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде Қ.Мадияр жеңімпаз атанып, спорт шебері атағын орындады. Новосибирск қаласында өткен «BOXING NIGHT» кәсіби бокс кешінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бек Нұрмағанбет кәсіпқой рингтегі 4 жекпе жегінде Танзаниялық Тваха Касиммен кездесу өткізіп жеңіске жетті.

Халықтың бос уақытын тиімді пайдалануға және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың спорт нысандарын тегін негізде пайдалану үшін қалалық адами капиталды дамыту бөлімімен меморандум жасалынды. Түркістан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шілдесіндегі №1107 қаулысымен Түркістан қаласы әкімдігінің спортты дамыту бөлімінің «Яссы футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы М.Тұрсынов көшесі №1А «О.Жарылқапов стадионын» қайта қалпына келтіруге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Жалпы алғанда Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы бері қаламызда облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі спорт жарыстарын өткізу дәстүрге айналды. Есесіне, жергілікті спортшылардың үлкен додаларда бақ сынауына мол мүмкіндік ашылуда. Бұған тек ынта, жігер, талпыныс болса болғаны. Мереке құтты болсын спортшылар, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінейік!

Марат ӘСІЛБАЕВ,

Түркістан қаласы әкімдігінің «Спортты дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы