ТІЛ ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ

1  185 көрілім

Осыған орай, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері мен №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары арасында «Мен қазақша сөйлеймін» атты тақырыпта іс-шара өтті. Мақсаты: тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Шарада қазақтан шыққан, дарынды тұлға – ойшыл ғұламалардың, тіл туралы өлең-шумақтарын жатқа айтып, жеткізе білді. Сондай-ақ, қазақ тілінің маманы Айжан Сәрсенбайқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, тіл қай халықтың болмасын рухани қазынасы екендігін, дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қастерлеу керектігін баса айтты. Тіл үйрену, жалпы кез келген шет тілін үйрену, бірінші кезекте өз ана тіліңді тереңірек түсінуге көмектеседі. Тілді жақсы үйрену үшін ең алдымен сөздік қор керек.

Шара соңында жақсы өнер көрсеткен талапты оқушыларымызды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Гүлжанат Нұрлаева арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Айгерім ЖҰМАБАЙ,

қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы