ЖАСТАРҒА БЕРЕР ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ

1  126 көрілім

Бекбауова Әсия Сталинбекқызы 1961 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінен ішкі істер саласында қызмет атқаруды армандайды. Осы арманы оны жетелеп, орта мектепті бітірген соң, 1988 жылы Ресей федерациясының Рязань каласында орналасқан ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебіне алып келді. Онда емтихандарды сәтті тапсырып, сол жылы оқуға қабылданып, мектепті 1993 жылы бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментіне жолдамамен қызметін бастаған.

1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, онда ОҚО бойынша МТК-і департаментінде жалғастырады. 1997 жылы мемлекеттік тергеу комитетінің таралуына байланысты Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына қаржы бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалып, 2012 жылға дейін осы қызметті атқарып, еңбек өтілінің жетуіне орай, майор шенінде зейнеткерлікке шығады.

Зейнеткерлікке шыққан соң, Түркістан қалалық ішкі істер және ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының белсенді мүшесі болып, қала көлемінде көптеген қоғамдық іс-шараларға қатысып белсенді үлесін қосуда. Ішкі істер органдарында атқарған қызметтері ескеріліп, I, II, III дәрежелі «ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін», «ҚР Полициясына – 25 жыл және бірнеше қоғамдық медальдармен, алғыс хаттармен марапатталған.

Бүгінгі таңда Әсия апайымыз өмірлік жолдасы Мұхит екеуі үш ұл-қыз тәриелеп отырған үлгілі жанұялардың бірі. Ол қай салада болмасын аянбай еңбек етіп, жастарды патриоттық бағытта елді сүюге тәрбиелеп, оларға өзінің мол өмірлік тәжірибесін беруден жалыққан емес. Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап отырмай, бірден еңбекке араласып, Түркістан облыстық ІІД-нің қаржы басқармасында қызмет атқарып, жастарды еңбекке баулып тәрбиелеуде.

Осынау өмірлік тәжірибесі мол зейнеткер Әсия Сталинбекқызы 60 жасқа толып отыр. Мерейлі жас иесін Түркістан қалалық ішкі істер және ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы шын жүректен құттықтап, оның отбасына, өзіне зор денсаулық, бақ-береке, қажымас қайрат тілейді.

Батырхан САНСЫЗБАЕВ,

Түркістан қалалық Ішкі істер органы және Ұлттық ұлан ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы