БАҚЫТЫН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН ТАПҚАН

568 көрілім

Кең пейілді халқымыз әуел бастан достыққа, ынтымаққа, татулыққа мән берген. Халқымыздың осынау дархан қасиеті тағдыр айдап қазақ даласын паналаған көптеген этноспен қарым-қатынасында ерекше көрінді.

Константин Штомпель Түркістан қаласында тұрады. Константин Михайлович қаламыздағы Саз өнер мектебінде 40 жылдан аса жас жеткіншектерге баян аспабында сабақ беріп, оларды өнерге баулыған. Өнерді жанына серік еткен майталман туралы әріптестері жақсы пікірде.

– Мен Украинада туғанмын. Алайда, өз бақытымды  қазақ елiнен тапқан жанмын. Сонау 1971 жылдан бастап қазақ елiнiң киелi топырағында өмiр сүрiп келемiн. Өмірлік серігім Любовь Иванқызын осында кездестiрдiм.

Иә, алғашқы еңбек жолымды да осынау киелi қаладағы өнер мектебiнде балаларға сабақ беруден бастасам, бүгiнде сол өнер мектебiндегi еңбегiмнiң зейнетiн көрудемiн. Жақында 71 жасқа келдiм.

Жұбайым Любовь Штомпель өмiрге бiр ұл мен бiр қызды әкелiп, оларға өнегелi тәрбие бердiк. Бүгiнде ұлымыз Сергей Шымкент қаласында, ал, қызымыз Наталья Санкт- Петербургте тұрады. Владик пен Света есiмдi немерелемiз жайнап өсiп келедi. Өзiмдi бүгiнде түркiстандықпын деп санаймын. Қазақ елiнде тұрып жатқанымды мақтаныш етемiн, – дейді Константин Штомпель.

Қазақ халқының дархан пейілінен нәр алған Константин Михайловичке біздің де айтар алғысымыз шексіз.

Ләззат САРЫБАЕВА,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы