Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев халықпен кездесуге келді. Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев қатысты.
Кездесу барысында Әлімжан Сейітжанұлы баяндама жасады. Ол өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының жарты жылдығында атқарылған жұмыстарды айта келіп, онда қаралған және қабылдаған заңдар туралы бірқатар түсініктер беріп өтті. Жиында Түркістан қалалық мәслихат депутаты Тәжібек Мұсаев қаламызда көптен орын алып жатқан мәселе жер телімдерін заңдастыру бойынша сауал қойды. Алайда, бұл сұрақ төңірегінде Әли Әбдікәрімұлы пікірін айтып, республика көлеміндегі жерлерді заңдастыру, жерді жалға беру мәселелері туралы өз ойын білдірді. Облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы депутаттарға алғысын білдіре отырып, Түркістанды көркейту барысында бірге аянбай атсалысатындықтарын жеткізді. Жиын соңында Мақсат Асылбекұлы келген депутаттарға алғысын айтып, алдағы жұмыстарына табыстар тіледі. Әли Әбдікәрімұлы барлық депутаттарға ризашылығын білдіріп, Түркістанды дамыту бағытында ең әуелі Елбасымызға, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысын айта келіп, өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының жасап жатқан жұмыстарына оң баға берді. Түркістанды алдағы уақытта туристтік орталық ретінде дамып, рухани астана болып қалыптасатынына сенім білдіретінін жеткізді