52037 АБОНЕНТКЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОЛ ЖЕТІМДІ

733 көрілім

ендігі мәселе тұрғындардың белсенділігінде

Түркістан қаласын дамыту ісі бір сәтке де толастап жатқан жоқ. Күн сайын бір өзгеріс. Тіпті жер жүзін алаңдатқан қауіпті індет кезінде де қасиетті шаһарда құрылыс қарқыны бәсеңсімеді. Иә, солай болуы тиіс. Өйткені дүйім жұрт көз тіккен Түркістанды түлету ісі ел абыройы, билік басындағы азаматтардың міндеті.

Өткен жылы облыс әкімі Ө.Шөкеев Түркістан қаласын газдандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде табиғи отын тарату мақсатындағы құрылыс жұмыстарын 2020 жылы толық аяқтауды міндеттеген. Бұл жерде оқырманға түсінікті болуы үшін мәселеге нақты түсінік бере кету қажет. Әлгі газбен қамтуды толық аяқтау ісі тұрғындардың барлығының үйіне газ кіргізіп беру деген сөз емес. Мұнда газ құбырын әрбір үйдің алдына жеткізіп беру жұмыстарын 100 пайызға жеткізіліп отыр. Қала әкімдігі облыс басшылығының тапсырмасын өз межесінде орындады. Сонымен бірге, үйлердің де газ тұтынуы үшін насихат жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өтініштері дер кезінде қабылданып, межелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда шаһарда газ құрылысы 100 пайызға тартылған. Енді табиғи отынның рахатын көремін деушілер үйіне газ кіргізуге тыңғылықты әрекет етулері керек.

Түркістан қаласында 52 037 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылып, толық табиғи газды пайдалану 26 400 абонентке қол жетімді болды. Сонымен қатар, қала бойынша жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын жаңадан заңдастырған және тағы басқа да себептермен жобаға енбей қалған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан қаласындағы жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес, бос жер телімдерін қоса алғанда 52037 абонент толық табиғи газды пайдалануға қол жетімді болып отыр. Қазіргі таңға пайдалануға берілген нысандар бойынша дербес шот ашып, газ пайдаланып отырған абонент саны – 21 363-ті құрайды. Статистика бойынша, 2020-2021 жылдардағы жылу маусымында газға қосылған абонент саны – 9850. Жалпы, көгілдір отын құбыры 1208,8 шақырымды қамтиды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы тарапынан, 2021-2022 жылдағы жылу маусымына дайындық мақсатында ағымдағы жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы бұған дейін әлеуметтік желілерде хабарланған болатын. Жоспарлы жөндеу жұмыстары 28-30 шілде аралығында жүргізіліп, жоспармен 3 апта ішінде құбырларға қайта газ толтырылатын болады. Бұл жөнінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалы қала тұрғындарына уақытша қолайсыздық үшін ескертілгені және аталған уақыт ішінде көгілдір отын мәселесі өз шешімін табатын болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы